Гульмира Кульшарбекова
Гульмира Кульшарбекова

Аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі. «NurBagdar Consult» ЖШС, Астана қ. өкілдіктің директоры, «Нұр Бағдар» ЖШС супервизоры
Қазақ тұтынушылар кооперация институтын «Экономика» мамандығы бойынша және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Бағалау» мамандығы бойынша бітірген. Студенттерді қашықтан оқытуға арналған бірнеше оқу-тәжірибелік құралдардың және ғылыми жарияланымдардың авторы. Кәсіптік бағдарлаушы (ММУ Тестілеу орталығының Гуманитарлық технологиялар кәсіптік кеңесшісі сертификаты) – «Кәсіптік бағдар беруші KZ», «Кәсіптікнавигатор KZ», «Кәсіптік мансап», «Кәсіптік таңдау KZ»
«Профессьянс»,«Профессьянс формула-7» кәсіптік бағдарлары бойынша ойын әдістемелерінің жетекшісі
Сертификатталған тренер, психологтарға арналған тренингтік бағдарламалардың жетекшісі.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кәсіптік бағдар жұмысының қорытындылары бойынша «Кәсіптік бағдар беруші.KZ» («Профориентатор.KZ») әдістемесінің көмегімен конференциялар жүргізуде жұмыс тәжірибесі бар.
Психометрика құралдары (SHL, Ontarget, Saville, TalentQ), Бағалау орталықтарын (SHL, Formatta) жүргізу, лауазымдарды сипаттау мен бағалау (Hay Group), құзыреттері жөнінде сұхбаттасу (TalentQ) бойынша сертификаттаудан өткен.
Персоналдың барлық деңгейлері үшін (компанияның үздік менеджерлерін бағалауды қоса алғанда) ассессмент-орталықтар мен құзыреттер бойынша құрылымданған сұхбат жүргізудің, жеке даму жоспарларын әзірлеудің, бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс жүргізудің негізгі дағдыларын игерген. 2017 жылдан бастап «Жас Өркен» бағдарламасы бойынша қатысушыларды іріктеу кезінде бағалау іс-шараларын жүргізуде жұмыс тәжірибесі бар.
HR-менеджерлер қауымдастығының тренерлер командасының құрамында «Мемлекеттік қызметке үміткерлермен әңгімелесу жүргізу техникасы» тренингі шеңберінде тренер-ассистент және оқыту материалдарын қазақ тіліне аудару бойынша жұмыс тәжірибесі (11.03.19-12.03.19 жж. Шымкент қ. және 14.03.19-15.03 жж. Ақтөбе қ.)
«Жоғары өнімділік мәдениеті» ҚМГ жобасын жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі бар (Қызылорда және Атырау қалаларында)
- корпоративтік мәдениетке диагностика жүргізу бойынша фокус-топ
- құзыреттерді моделдеу бойынша фокус-топ.

Байланыс