Әбсұлтан Әділхан
Әбсұлтан Әділхан
 «Самұрық-Энерго» АҚ
АҚ «Алматы Электр Станцилары»
«КЕGОС» АҚ «Ақтөбелік жүйеаралық электр тораптары»
Әбсұлтанов Әділхан. 1995 жылы 6 наурызда Алматыда дүниеге келген. 2004 жылы ата-анасымен бірге Көкшетауға көшеді. Әуелі кәдімгі мектепте өтежақсы оқыған. Бірақ, 8 сыныптан бастап оқуын №5 «Таңдау» гимназиясында жалғастыруды ұйғарады. Сөйтіп, оны 2013 жылы (ҰБТ-дан қазақ тілін санамағанда 91 балл) үздік тәмамдайды. Мектепте оқып жүргенде физика және математикадан талай рет түрлі олимпиадаларға қатысқан. Айтуынша, кезінде мектепті Алтын белгіге бітірген әкесін үлгі тұтатындықтан, үнемі жақсы оқуға тырысады. Жалпы өзінің ата-анасын үлгі ету – Әділханның негізгі өмірлік ұстанымы. Ол ата-анасын мақтан тұтады. Өйткені олар үйленген кезде ештеңелері болмаған. Барлығына бірігіп қол жеткізген екен. Сондықтан біздің кейіпкердің негізгі мақсаттарының бірі – өмірде жетістікке өз күшімен жету. Оның ішінде өз мамандығы бойынша алға жылжып, ата-анасына көмектесуді қалайды.

Айтпақшы, Әділханның мамандық таңдауы өз алдына бір тарих. Ол мектепті бітіріп, ҰБТ-ға дайындалып жатқан кезде жақсы адамды жолықтырады. Физика пәнінің мұғалімі болашақ жасөркендіктің бойындағы дарынын байқап, оған электр энергетикасына мән беруді нұсқапты. Нәтижесінде, бозбала энергетиктердің ордасы – Алматының энергетика және байланыс Университетіне оқуға түседі. Қазір біздің кейіпкеріміз осы білім ордасының магистратурасында оқуын әлі жалғастырып жатыр. Оның пікірінше, бұл саланың еліміз үшін өмірлік маңызы зор. Сондықтан аталмыш саланың майталманы ретінде туған өлкеге пайдасын тигізгісі келеді.

Жас жігіт қол қусырып отыра алмайды. Сондықтан демалыс кезінде де уақытты пайдалы өткізуге тырысады. Айталық, 2016 жылдың жазында Work and Travel бағдарламасы бойынша ресми түрде АҚШ-та жұмыс істеген. Бұл сапар оған өлшеусіз тәжірибе жинап, неғұрлым дербес болуға және қиындықтарды жеңе білуге үйреткен.

11 сыныпқа дейін футбол және дзюдомен айналысқан. Сонымен қатар, жүгірумен әуестенеді. Алматыда тұрған кезде 21 шақырымдық марафонға да қатысқан.
Байланыс