Жазира Аманкелдина
 Жазира Аманкелдина
ТОО
ТОО

Жазира Аманкелдина 1995 жылы 28 маусымда Тау-кен байыту комбинаты орналасқан Жәйрем ауылында дүниеге келген.
Жазираның кішкентай кезінен бастап білімге құмарлығы байқалған. Осындай қасиеті қыздың білім грантын иелеуіне көмектесті. Жас қыз Қарағанды техникалық университетіне оқуға түсті. 3-курста академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша Томск политехникалық университетіне оқуға кетті.
Сол жақта ол өзінің болашағын металлургиямен байланыстырғысы келетіндігін түсінді. Жазира магистратураны осы мамандық бойынша бітіретіндігі туралы нақты шешім қабылдады. ҚарМТУ-ге түсу кезінде ШЫСУ қосдипломдық магистратурасы бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алды және бір жыл Мәскеуде «МИСиС» Ұлттық-зерттеу университетінде оқыды. Диссертациямен жұмыс кезінде көркем өнерге арналған бұйымдар үшін сәндік жабындардың жаңа түрін әзірледі, бұл еңбегін ол мақтан тұтады.
«Жас Өркен» бағдарламасы туралы Жазира ата-анасынан білді, ол кезде Мәскеуде оқуда болатын. Жобаға қызыққан Жазира, жеңімпаз боламын деген мақсат қояды. Конкурстың әр кезеңінде Отанға ұшып келіп тұрды.
Ақырында «Жас Өркен» жобасының финалисі атанды.
Сондай-ақ, сол уақытта ол Мәскеуге аспирантураға түскен болатын, бірақ таңдауын жоба пайдасына қарай жасады. Жазираның ата-анасы мұғалімдер, дәл осы кісілер қыздарына Отанға деген махаббатты құйған болатын. Оған жақсы тәлім-тәрбие берді, адалдық пен тазалыққа үйретті.
«Жас Өркен 2019»  қатысушысы бос уақытында көркем әдебиетті оқығанды және мақала жазғанды ұнатады. 15-тен астам ғылыми жұмыс жазған. Бүгінде жас маман өзінің ғылыми жетекшілерімен қарым-қатынас жасауда және мақала жазуын жалғастыруда.