Сания Байганова
Сания Байганова
АҚ
 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сания Байганова Ақтөбе қаласынан. 1997 жылдың 17 желтоқсанында туған.
Мектеп жасынан бастап ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділік таныта бастаған. Ғылыми қызметті 2011 жылы ҚР кіші ғылым академиясының орталық-қазақстандық бөлімшенің базасында бастады. Сания Назарбаев зияткерлік мектептерінің физика-математика бағытының түлегі. ҰБТ-да ең жоғарғы 125 балды алды. Сосын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ағылшын тілді оқытудағы «Қаржы» мамандығы бойынша грантқа түсіп, үздік бітіріп шықты. Оның өмірлік ұстанымы - «Veni, vidi, vici».
Университет қабырғасында жүрген кезде Сания университетаралық және халықаралық ғылыми-зерттеу конференцияларда және түрлі деңгейдегі конкурстарда белсенді қатысушы болды. Халықаралық журналдарда 7 астам ғылыми мақалалары жарияланды, олар:
1)         XI International Research and Practice Conference "SCIENCE WITHOUT BORDER-2015", Modern information technologies, Sheffield, UNITED KINGDOM;
2)         «Ломоносов» студенттері, аспиранттар мен жас мамандардың XXIII Халықаралық Жастар Ғылыми конференциясы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ.
«Жас Өркен 2019» бағдарламасына тапсырмас бұрын, жас қыз бірден бірнеше марапаттар алған: ҚР БҒМ атынан «5В050900 – Қаржы» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломы; ІІІ Халықаралық жастар ғылыми коференциясында информатика және АКТ мамандығы бойынша  3-дәрежелі диплом; «И.А. Бунин атындағы Елецк мемлекеттік университеті» ЖБ ФБББМ және ашық ақпараттық технологилар орталығынан. Сания WEB-бағдарламалау саласында жақсы дағдыларға ие және Carnegie Mellon Robotics Academy-ден “Software development program” сертификаты бар. Бұған қоса, “Changellenge Cup Kazakhstan 2016” -  бизнес-кейстерді шешу бойынша чемпионаттың және “CIMA Business Challenge Kazakhstan 2017” қатысушысы. Жас маман «Жас Өркен» бағдарламасы MSC бағдарламасына түсу кезінде көмектесетін керемет практикалық тәжірибе, білім мен дағды беретінін мойындайды.