Амина Сулейменова
Амина Сулейменова
«Қазпочта» АҚ
АО

Амина Сулейменова Ақтау қаласында 1997 жылдың 7 қаңтарында туған.
Мектеп қабырғасында түрлі конкурстарға, олимпиадаларға қатысқан. Соныменқатар, фортепиано класы бойынша музыка мектебінде дәріс алған және бимен айналысқан.
Тереңдетілген физика-математикалық лицейде оқығанына қарамастан,7-сыныпта заңгер боламын деп шешім қабылдаған. Сонымен, 10 сыныпта құқықтық іс-шараларға:«Құқықтану» пәні бойынша олимпиадаларға, оқушылар үшін криминалистика бойынша республикалық олимпиадаларға, «Егемен Қазақстан» ҚазГЗУ республикалық конкурсына белсенді қатыса бастаған. 11 сыныпта құқықтану бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, Suleyman Demirel University грантын жеңіп алды.  
Университеттте студенттік өмірге белсене араласты: пікірталастарға қатысты, қалалық турнирлерге ат салысты, студенттерге арналған іс-шараларды, кино-фестивальдерді ұйымдастырумен айналысты. Студент клубында сыртқы байланыстар жөніндегі департамент басшысы болды. Сонымен қоса бейінді жарыстарға қатысуын жалғастырды: қылмыстық құқық бойынша СДУ олимпиадасының жеңімпазы болды, E&Y олимпиадасына және ҚазГЗУ республикалық олимпиадасына қатысты. 2-курсты аяқтаған соң тәжірибе жинақтай бастады: Ақтау қаласының азаматтық істер жөніндегі қалалық сотында ҚР адвокаттарында тағылымдамадан өтті және 4-курста кен пайдалану саласында заңгер ретінде жұмыс жасай бастады. Диплом тақырыбын корпоративтік құқық саласы бойынша таңдағандықтан (Корпорациялардың мүдделерін қорғау), қосымша корпоративтік хатшы болып қызмет атқарды және корпоративтік басқарудың барлық аспектілерін зерттей бастады.
«ЖасӨркен» бағдарламасы туралы 2017 жылы білді және осы жобаның бөлшегі болуды армандай бастады. Университетті бітірген соң, 2018 жылы өтінім берді, өкінішке орай, конкурстың 3-турынан өтпей қалды. Сол жылы Suleyman Demirel University оқу орнына «Заңтану» мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2019 жылы өз күшін қайта сынауды жөн көріп, бағдарламаға қатысуға қайтадан өтінім берді және «Жас Өркен 2019» жеңімпаздары мен қатысушыларының қатарына ілікті