Мухаммедали Казакбай
Мухаммедали Казакбай
АҚ

Казакбай Мухаммедали Али-Аскарулы Алматыда 1997 жылы 26 қарашада туған.
2000 жылы Шымкент қаласына көшіп келеді. Ауылдық мектепті 2015 жылы «Алтын белгімен» бітірді. Мектепте түрлі аудандық және республикалық олимпиадаларға қатысты. Баланың сөзі бойынша оның басты мотиваторы – әкесі болды. Әкесі оған білімге деген махаббат пен ұмтылысты бойына сіңірген.
ҰБТ-да болашақ жас өркенші географиядан тест тапсырды, себебі бала күнінен өзінің бизнесін құруды армандаған. Ал ол үшін экономика мен қаржының барлық қырларын білуі қажет. Қажетті балды алып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «Экономика» мамандығы бойынша грантқа түсті. Алғашқы күннен бастап Мухаммедали өзінің белсенділігі мен қызығушылығын көрсетті. Ол университетті түрлі іс-шараларына қатысқан. Сонымен қатар, оқу туралы ұмытқан жоқ, университетті қызыл дипломмен бітірді.
Интернетте «ЖасӨркен» бағдарламасының жарнамасын көріп қалып, 2 жылда түрлі салаларда тәжірибе алуға мүмкіндік екендігін түсінді. Конкурстағы ең қиын әрі жауапты кезең ол үшін финал болды. Мухаммедалидің жоспарында жетекші басты университетінің біріне магистратураға түсу болды. Жас бала, шет елде алған білімі оған өз саласының сарапшысы болуға көмектеседі деп санады. Магистр дәрежесін алғаннан кейін «Жас Өркен 2019» қатысушысы өз елінің игілігі үшін жұмыс істеуге ниетті. Оның басты ұстанымы:«өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». Сондай-ақ, келешекте Мухаммедали қазақстандық қоғамның дамуына өз үлесін қосқысы келеді. Ол әлеуметтік-жауапты бизнес құруды жоспарлауда.