Руслан Максат
Руслан Максат
АҚ
«Қазпочта» АҚ

Максат Руслан 1995 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды облысы Қарқаралы аудан орталығында дүниеге келген.
Құқықты жетік білгенінің негізінде Еуразия ұлттық университетіне саясаттану мамандығына грантқа түседі. 2-курстан бастап ғылыми қызметпен айналыса бастайды: Ресейде, Украинада, Польшада ғылыми мақалалар жариялайды. Дипломдық жұмысының тақырыбы: Тұңғыш Президент – Елбасының әлемнің стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орны. 2017 жылы ЖОО-ны қызыл дипломмен бітірді. GPA орташа балы 3.92. сол жылы Павлодар мемлекеттік университетіне магистратураға грантқа түсті. «Стратегия» қоғамдық қорында тағылымдамадан өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері жөніндегі комитетте, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-да  жұмыс жасады. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінде тіркелген 3 ғылыми-әдістемелік құралының авторы.