Аян  Кусаинов
Аян  Кусаинов
АО

Аян  Кусаинов Қарағандыда 1996 жылы 1 маусымда туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде алған «Тау-кен ісі» мамандығымен ЖОО-ға түскенге дейін өзін байланыстырған емес, бірақ осы мамандық бойынша грантқа иеленген соң екі атасының да қарағанды шахтасында еңбек еткендерін мақтан тұтты. ЖОО-да оқу кезінде ғылыми конференцияларға қатысқан, жоғарғы математика бойынша ғылыми мақалалары бар. Аян екінші курсқа дейін шет тілінен білімі бойынша мақтана алмайтын еді, бірақ АҚШ-қа жазғы демалыс уақытында барып ағылшын тілін жақсы деңгейге көтеріп алды. ЖОО аяқтаған соң, магистратураға емтихан тапсырып, грантқа ие болды, бірақ шахтада жұмыс істеуді таңдап, гранттан бас тартты. Аянның айтуынша, «Тәжірибесіз теория - өлік». Үлкен отбасында өскендігіне және төр ағадан кейін кішісі болғандығына қарамастан, өзіне деген ерекше қатынасты сезген емес. 
Ата-анасы балаларды бөлмей, барлығын бірдей жақсы көріп, бірдей қолдап отырды. Аян бағдарлама туралы интернеттен білді, басында онша мән бермеді.
Бірақ бағдарлама туралы білген соң, оның қажет екендігін түсінді. Аян өз күшіне сенбегендігін мойындайды. Бірақ, талпынып көру керек деп шешеді. Іріктеу турларын өтуде айрықша қолдауды отбасы көрсетті.