Азат Оксупбаев
Азат Оксупбаев
АҚ
ЖШС СП

Азат Оксупбаев Алматыда 1995 жылы 5 наурызда туған. Мектепке 6 жасында барады. Азат ата-анасының Алматы қаласындағы ҚТЛ-ге екі рет бергілері келгенін есіне алады, бірақ ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектептеріне түсіп кетеді және 5 бос орынның біреуін ұтып алады.НЗМ-де оқу Азат үшін үлкен трамплин болды, мұнда ол үш тілде еркін сөйлеуді үйренді, сондай-ақ 17 жасында ҰБТ-да 125 бал алып, IB халықаралық бакалаврит дипломын иеленді.
Мектептегі соңғы жылда Азат, шетелде оқығысы келді, сондықтан да Финляндияға Хельсинкиге емтихан тапсырып, халықаралық бизнес және логистика мамандығы бойынша оқуға грант жеңіп алды. Оқуы аяқталған соң Финляндияда фин компаниясында мансабын бастады және жақсы нәтижелер көрсетіп, Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеуге ұсыныс алды. Сонымен қоса, Финляндиядағы оқу кезеңінде «Жас Өркен» бағдарламасына тапсырып, 2-турдан өтпей қалады.
Фин компаниясында жұмыс істей отырып, ары қарай даму керектігін түсінеді де, «Жас Өркен» бағдарламасына қайта тапсыруды жөн көреді.
Бұл ретте, Азат әрбір турға жақсылап дайндалады да барлық кезеңнен өтіп, финалист атанды. Әсіресе оған 2-турдағы тесттерге практикалық дайындығы көмектесті.
Азаттың айтуынша, «Жас Өркен» - Қазақстандағы жас мамандарға арналған ең ауқымды бағдарлама. Оның көмегімен әрбір адам өзінің сүйікті ісін тауып, болашақта үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады. Азат әр маманның өзіне сенгенін қалайды және де үздіксіз дамуда болып, жаңа белестерді бағындыру керек дейді