Динара Тулебаева
Динара Тулебаева
ЖШС СП
ТОО

Тулебаева Динара 1995 жылдың 10 ақпанында Нарынқолда дүниеге келген.
Ата-анасы әскери қызметшілер болғандықтан, олар ары-бері көшіп жүретін, 11 жылдың ішінде еліміздегі 5 түрлі мектепте оқыды.
Бұл ол үшін көңілді уақиғалар мен жаңа орындар, жаңа таныстықтар, мұғалімдер мен мектептер болатын есіне алады «Жас Өркен 2019» қатысушысы.
Үнемі көшіп-қонулар оның жаңа нәрсеге деген қызығушылығы мен талпынысын арттырды. Мектепті бітірген соң Еуразия ұлттық университетіне ядролық физика мамандығына оқуға түсті. 
«Қасиетті Климент Охридски» атындағы София университетіне академиялық оралымыдылық бойынша 1-семестрге оқуға түсті.
5-курста наноматериалдарды зерттеумен айналысты және өзінің болашақ жетекшісімен танысты. Жетекшісімен бірге ғылыми мақалалар жазып, жобаларға қатыса бастады.
Сондықтан да Еуразия университетіне магистратураға түскеннен кейін жаңа материалдарды зерттеумен шұғылдана бастады. 2018 жылы академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының стипендиясына ие болды. Сол жылы МРТ үшін темірқұрамдас нано бөлшектерді қолдануды зерттеу бойынша «ТМД Халықаралық инновациялық нанотехнологиялар орталығы» коммерциялық емес серіктестіктің грант иегері атанды. Динара үшін ең жарқын сәттердің бірі – жас мамандар мен ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысуы (Ресей, Дубна қ.) (AYSS-2018), мұнда ол үздік баяндамашы ретінде танылды.
2-курста жас қыз ERASMUS бағдарламасы бойынша Бикокк – Милан университетінде оқу мүмкіндігіне ие болды. Динараның ойынша, өміріндегі барлық осы қадамдар мен алған тәжірибесі «Жас Өркен 2019» бағдарламасының финалисі болуға септігін тигізді деп ойлайды.