Аяулым Аманкельдиева
Аяулым Аманкельдиева
ТОО
ТОО

Аяулым Аманкельдиева Семейде 1996 жылдың 16 маусымында дүниеге келген. Алайда, қалада алғашқы үш жылын ғана өткізген, содан кейін әкесі Санкт-Петербургтегі Жоғары әскери академиясына оқуға түсіп, осыған орай Ресейге қоныс аударған. Елге оралғаннан кейін Аяулым өз ана тілін білмеген, өз туыстары ана тілінде сөйлеген кезде қатты таң қалған, оған туыстары шет тілінде сөйлеп тұрғандай көрінген. Бұл жағдайда оған туға әжесі көмектесті, мектепке бару үшін тіл үйретті.
Бірінші сыныптан бастап әкесі Аяулымға мақсат қойып, оған қол жеткізе білуді үйретті. Сол жылдары алғашқы компьютерлер шыға бастады, әкесі әрбір алға бестік бағасы үшін оған компьютер сатып алуға ақша жинау үшін, жеке шығындарына қаражат беріп отыруды ұсынды.  Ол мақсатқа қол жеткізді, сонымен бірге өмірлік сабақ алды, яғни барлығын да еңбек пен сабырлықтың көмегімен жетуге болатындығын түсінді. Себебі шағын әскери қалашықтарда тұрды, мектепте мұғалімдер жетіспеушілігі болып тұратын, сабақтар болмай қалатын, сондықтан да 5-сыныпта ол туыстарына былай бола берсе, ҰБТ тапсыра алмайтындығын айтты. Одан кейін ата-анасы баланы қаладағы арнайы мектеп интернатқа беруге шешім қабылдайды. ҰБТ-ны беске тапсырды және ЖОО-ны қызыл дипломмен бітіріп шығады.
Мектептен тыс облыстық және республикалық олимпиадаларда жеңімпаз орындарға ие болып жүрді. Мектептегі іс-шараларда ұйымдастырушы және жүргізуші болып, осы ісін университетте де жалғастырды.  Сондай-ақ AIESEC еріктілер ұйымының халықаралық ауқымындағы іс-шараларды өткізді. Бұл шараға қатысу үшін ең алдымен ағылшын тілін білу талап етілді және бизнес-кейстер бойынша іріктеуден өту керек болды.
Келесі іріктеуді ол ҚР академиялық оралымдылық бағдарламасына қатысу үшін өтті. Оралымдылық бойынша Краков техникалық университетінде оқыды. Сол жерде Erasmus social network халықаралық ұйымына кірді және Қазақстанның атынан болды.Берлин қаласындағы конкурста елімізді таныстырды. B&R Industrial Automation GmbH компаниясымен бірге ұйымдастырылған  IAESTE ұйымының атынан сертификаттаудан өтті. Елге оралған соң ғылыми жетекшісімен бірге ҚР БҒМ «2018-2020 ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру» бағдарламасына қатысуға өтінім тапсырды. Конкурстың барлық кезеңдерінен сәтті өте отырып, жобалау құжаттамасымен жұмыс жасады және кіші ғылыми қызметкер болды. Ол үшін ең басты конкурс «Жас Өркен» бағдарламасына іріктеу деп санайды. Бағдарлама жас мамандардың  жекебасы мен кәсіптік дәрежеде дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді.