Мейрамбек  Байсекенов
Мейрамбек  Байсекенов
АО НАК
ТОО

Мейрамбек  Байсекенов - «Жас Өркен  2019» бағдарламасының қатысушысы.
Мектеп кезінде екі жыл бокспен айналысқан, мектептің пікірталас клубының мүшесі, физикадан олимпиадаларға қатысқан. Орта сыныптарда математика мен физиканы қатты ұнатады.Сондықтан да өз болашағын осы пәндермен байланыстыруды жөн көреді.Ол ұзақ уақыт бойы қандай мамандыққа барарын таңдаумен болды, тура мектеп бітірер алдында бақытына орай бір қаржыгермен сөйлесу мүмкіндігіне ие болады. Мейрамбек бұл мамандықта қандай мәселелердің бар екендігін түсінеді де, өзінің іздегені табылды деп қабылдайды. Университетте оқып жүрген кезінде студенттік өмірге белсене араласты. Стартап-уикэндтерге қатысты және ұйымдастырды. ERG, MOST BI, Astana Innovations секілді компаниялар мен қорлардың осындай іс-шараларында бірнеше рет жеңімпаз атанды.
Пікірталастарға қатысуын енді университет аралықта жалғастыра берді және ұлттық валюта күніне арналған пікірталаста бірінші орынды алды. Мейрамбек бал биімен шұғылданғанын, тіпті қалалық вена балында екінші орын алғандығын айтады. «Жас Өркен» бағдарламасымен ол университетте жүргенде 2017 жылы таныс болатын. Ол жаңалықтар тақтасынан жарнамалық кітапшаны байқап қалады. Бағдарламамен жете танысқан соң, университетті бітіріп, бағдарламағак қатысамын деген шешім қабылдайды, содан міне екі жылдан кейін ол іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өтіп шықты. Мейрамбектің айтуынша, бұл бағдарлама – кәсіби болашаққа апарар үздік жол сілтеуші.