Қуат Зияданов
Қуат Зияданов
АҚ
ЖШС СП

Зияданов Қуат Абайұлы Алматы облысында 1995 жылы туған.
Бала күнінен бастап жан-жақты болып өсті, оның көзқарасы өз құрдастарымен салыстырғанда ересек боп көрінетін. Ол әр таңда жаңалық көруді әдетке айналдырған. Мектеп жылдары түрлі пәндік олимпиадалардың жеңімпазы болды.
Куат бала кезінен офицер болуды армандаған, өз өмірін әскермен байланыстырғысы келген, Отанын қорғап, әскери барлауда қызмет еткісі келді. Бірақ, оның әскери мансап құру жолдары сәтсіз аяқталды, сондықтан да ол өз Отанына енді азаматтық тұрғыдан қызмет етуді жөн көрді.
2010 жылы астанаға келіп, Мұнай және газды қайта өңдеу мамандығы бойынша Қазақ технология және бизнес университетінің колледжіне оқуға түсті. Оқу барысында түрлі олимпиадалар жеңімпазы болып, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда бірінші орынға ие болды. Пікірталас бойынша турнирлерге қатысты. 16 жасында пікірталас бойынша қазақ студенттер лигасының ең жас жеңімпазы болып, рекорд орнатты. 2014 жылы колледжді үздік бітіріп, Қазақ технология және бизнес университетінде Органикалық заттардың химиялық технологиясы (мұнай және газ) мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. Университетте оқып жүрген кезінде KazEnergy грант иегері, Chevron стипендиясының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ғылыми жобалар бойынша жұмысын жалғастырыды.  Пікірталас бойынша тренер бола жүріп, оның бағытын дамытты, кейінгі ұрпақты турнирлерге дайындады. Университетті үздік аяқтап, Анкара университетіне магистратураға Tukiye burslary бағдарламасы бойынша оқуға шақыру алды. Бірақ бұл оқуға бару оның тағдырына жазылмаған екен.
Спорттың экстремалды түрлерімен айналысады: тау туризмі, тауға шығу, парашюттан секіру, жүгіру, бос уақытында кітап оқиды, түрлі конференциялар мен форумдарға қатысқанды ұнатады.«Жас Өркен»   финалисі бағдарламаның жас мамандар үшін үлкен мүмкіндіктер беретіндігіне сенеді.