Томирис Акмагамбетова
Томирис Акмагамбетова
АҚ
ТОО

«Бұл өмірде өзін жеңе білген адам ғана, жеңіске жетеді». Бұл қанатты сөз Томирис Акмагамбетованың кредосына айналған. Жас қыз шағын ауылда өскендігін және бала күнінде отбасымен бірге үлкен қалаға көшкендері туралы айтады. Ол 2019 жылы 4000 астам адам өтінім берген «Жас Өркен» бағдарламасының финалисі боламын деп ойламаған екен.
9-сыныптан кейін Томирис ҰБТ-ға жеделдетіп дайындалу үшін Астанаға жалғыз өзі көшуге ұйғарым жасайды. Жарты жылдан кейін ол тек беске оқи бастады. Оқу барысында тарих бойынша бірнеше олимпиадаларға қатысып, жан-жақты дами бастады. Бимен, пікіртакласпен және спортпен айналысты. Баскетбол командасында үздік орталық шабуылшы болды. ММУ-ге оқуға емтихан тапсырғанда ағылшын тілінен шамалы бал жетпей қалды, бірақ бұл оны тоқтата қойған жоқ. ҚазГЗУ-ге «Аударма ісі» мамандығына тапсыруды шешті, ағылшын тілін үйреніп, одан әрі «Экономика» мамандығына ауысуды ойлады. Университеттің 2-курсында «Жас Өркен» бағдарламасы туралы білді және осы жобаға қатысуға мақсатты түрде дайындала бастады. Томирис конкурстың әр кезеңіне мұқият дайындалғандығын айтады. Оқыту бейнежазбаларды көріп, кейс-чемпионаттарға қатысқан, электрондық тесттер сатып алып, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын дамытты. Жұмсаған күштерінің барлығы өз жемісін берді. Акмагамбетова Томирис «Жас Өркен 2019»  финалисі атанды және бағдарламаны жастар үшін Қазақстанның әл-ауқатын жақсартуы мүмкін және тиіс мансаптың үздік баспалдағы деп санайды.