Данияр Жунусов
Данияр Жунусов
АҚ
АҚ «Алматы Электр Станцилары»

Данияр Жунусов - «Жас Өркен 2019» бағдарламасының қатысушы. Бала күнінен жан-жақты әрі білімге құмар болды. Бимен, биатлонмен, бокспен айналысты. Бокс ер адамға тән ерлік пен мақсатшылдықты үйретті. ҰБТ тапсырған соң С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ –ге оқуға түседі. Ол үшін, өз мақсатына қол жеткізуде мемлекеттік гранттан бас тартып, мектеп қабырғасынан зерттегісі келген мамандыққа түседі.
2018 жылы университетті «электроэнергетика» мамандығы бойынша бітіреді. Оқу барысында өз мамандығына барынша кірісіп кетті. Данияр үшін энергетика – бұл бүкіл әлемнің болашағы! Оқып жүрген кезінде-ақ мамандығы бойынша жұмыс істей бастады, тәжірибе жинақтады. Диплом алған соң, өңірлік электржелісі компаниясына энергетик болып жұмысын жалғастырды.
«Жас Өркен» туралы жас маман әлеуметтік желілерден кездейсоқ көріп қалды. Ұзақ ойланбастан, іріктеу кезеңдеріне джайындықты бастап кетті. Әрбір турға ерекше дайындалды.
5 шілдеде жоба финалистерінің нәтижелерін жариялау күнімен Даниярдың әкесінің туған күні тура келді. Әкесі үшін ең басты сыйлық баласының «Жас Өркен» бағдарламасына өткендігі болды.
Жас баланың өмірлік негізгі қағидаты – жекебасын дамытудан бөлек, өзің қызмет жасайтын компанияға, тұрып жатқан еліңе пайдаң тиюі қажет. Бағдарлама аяқталған соң, Данияр ТБА АЖ саласында дамуды жоспарлауда.