Самат Рахматулин
Самат Рахматулин
АО

Самат Рахматулин. 1997 жылы Қарағандыда туған.
Жас кезінен бастап ата-анасы жауапкершілік пен ересек өмірге баулиды. Мектеп кезеңінде белсенді әрі жан-жақты болды, олимпиадалар мен конкурстарға қатысты. Жетістіктерінің бірі деп Оңтүстік Кореяда өткен «жас ғалым» конференциясына қатысқанын деп санайды, ол жақта жеңімпаз орынға ие болды. Бұл сапар оған одан да биік жетістіктерге жетуге үлкен жолдама болды.
Еуразия ұлттық университетіне оқуға түседі. Университет өмірінен көп нәрсе алуға талпыныс жасап, “Erasmus”, сондай-ақ “Work and travel”бағдарламаларына қатысады.
«Жас Өркен»  жас мамандарды дамыту бағдарламасы туралы әлеуметтік желіден біледі.Университеттің соңғы курсында бұл бағдарлама бірден бірнеше ұлттық компанияда жұмыс жасауға, ары қарай мансабы үшін жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік  береді деген шешімге келеді.
Бүгінде Самат Рахматулин  - «Жас Өркен2019» қатысушысы және бағдарламаға жас мамандарға мүмкіндіктер ашатыны үшін алғыс білдіреді.