Жанибек Сагидуллин
Жанибек Сагидуллин
ТОО
ТОО

Жанибек Сагидуллин - «Жас Өркен 2019» қатысушысы.
Батыс Қазақстан облысының тумасы, Орал қаласынан. Мектепті бітіргеннен кейін Сингапур Менеджментті Дамыту Институтында оқуға шақыру алады және Қазан Ұлттық Зерттеу Технологиялық Университетінде оқу грантын жеңіп алады. Ақырында Татарстан Республикасының астанасында оқуды таңдайды. Дипломын үздік қорғап, «Жылу энергетикасы және жылу техникасы» мамандығы бойынша диплом алады. Бітірген соң Германия мен Ресей университеттерін біріктіретін "German-Russian Institute of Advanced Technologies" жобасының қатысушысы болды. Бір жыл Қазан Авиация институтында оқып, «Жылу энергетикасы және жылу техникасы» саласының магистрі дәрежесін алады, одан әрі бір жыл - Otto von Guericke Universität Magdeburg оқып, «Master of Science in Chemical and Energy Engineering» дәрежесін алды.
Жаһандық жобалар мен үлкен өзгерістердің бөлшегі болу арманы «Жас Өркен» бағдарламасына алып келді. Барлық іріктеу туралрын танымдық әрі қызықты деп санайды. Бұл жерде ең қиыны қашықтық болды дейді, себебі жас маман екі университетке дипломдық жұмыс жазды және үнемі университет пен тур өтетін жердің арасында сапарда жүрді. Диплом қорғау мен алуы Жанибек Сагидуллин «Жас Оркен» жобасының қатысушысы атанған кезде болды.
Жас мамандарды дамыту бағдарламасын тәлімгерлерден тікелей жаңа білім алу мүмкіндігі деп атайды.