Анель Кыдырбекова
Анель Кыдырбекова
АҚ
ТОО

«Жас Өркен 2019»бағдарламасының қатысушысы Кыдырбекова Анель Ерболатовна Алматы қаласында 1997 жылғы 3 тамызда дүниеге келген.
Анелдің дамуына атасы Базарбаев Кыдырбек Оразбекович ерекше үлес қосқан. Үш жасынан бастап ол немересін спортқа баули бастайды. Биге, гимнастикаға, суда жүзуге апарады. Ұзақ уақыт бойы бейнелеп сырғанаумен айналысады, кейіннен жоғары сыныпқа барғанда жеңіл атлетикаға көшеді. Спортпен айналысу жас қыз үшін өзіндік тәртіпті және мақсатшыл болуды үйретті.
Меткепте сүйіп оқитын пәндері математика мен физика болды, мектепті бітірген соң Алматы Энергетика және Байланыс университетіне «Электр энергетикасы» мамандығына оқуға түсті.
Таңдаған қызметі өте қиын әрі жауапты еді, бірақ Анель таңдаған мамандығына өкініш білдірмейді. Оқу барысында академиялық оралымдылық бойынша Польшада бір семестр оқыды, КПО және ТШО мұнайгаз кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтті. Changellenge 2016, CASE-IN 2018, Student Energy Challenge кейстеріне қатысты.
«Жас Өркен» бағдарламасын өз басы үшін кәсіптік мансаптағы ең жақсы стартап деп санайды.