Алтынай Отегенова
Алтынай Отегенова
АҚ
АҚ

Отегенова Алтынай Алматы қаласында 1998 жылдың 6 наурызында туған.
Бала кезінен математиканы ұнатады және мектеп жылдары қалалық және халықаралық олимпиадаларға қатысқан.Мәскеуде өткен олимпиадалардың біреуінде екінші орынға ие болды.
Бала күнінен сурет салумен шұғылданады және сәулетшісі болғысы келген, бірақ университетке құжат тапсырар кезде, Алматыдағы Қазақстан-Британ Техникалық Университетіне тапсырады. ҚБТУ-ге түсу үшін ағылшын тілін білуі қажет. Сол кезде ағылшын тілінен қиналғандығын есіне алады. Себебі ҚБТУ-ге түсу шешімін соңғы уақытта қабылдаған болатын.
Ол үшін ағылшын тілін дамыту мен емтихан тапсыруға бар болғаны екі ай ғана қалған еді. Алтынай емтиханды сәтті тапсырады және мұны өзінің үлкен жетістіктерінің бірі ретінде санайды. ҚБТУ-ды таңдағаны үшін Алтынай еш өкінген емес. Университет жақсы тәжірибе мен орта сыйлады, бір саланы ғана тереңінен зерттеп қоймай, әртүрлі салаларда дамуға түрткі болды.
Сондықтан да Алтынай әртүрлі ұлттық компаниялардың қызметін үйренуге мүмкіндік беретін «Жас Өркен» жобасына қатысты.
Университет пен жұмыста кәсіптік дамудан бөлек, өзінің жекебас қасиеттерін үнемі дамытып отыру қажет деп санайды.
Бұл жерде әртүрлі хоббилер көмекке келеді,деп атап өтті Алтынай. Сол үшін де бос уақытын ол мына сүйікті істеріне арнайды: кітап оқу, сурет салу, теннис пен шахмат ойнау.