Бағдарлама туралы
“Жас Өркен” жас мамандарды дамыту бағдарламасы ең жақсы және дарынды түлектерді болашақта “Самұрық-Қазына” Қорының компанияларына жұмысқа орналастыру үшін жұмылдырып, дайындауды көздеп отыр. Бұл компаниялардағы нақты бір позицияларға сәйкес жұмыс орнында оқыту ғана емес, белсенді азаматтық позициясы бар және кәсіби ой-өрісі кең өршіл жас ұрпақты қалыптастырып, дамыту құралы.
Саған берілетін мүмкіндіктер
- “Самұрық-Қазына” АҚ тобындағы бірнеше компаниялардағы әртүрлі департаменттерде жинайтын (сенің мамандығыңа бейім және одан өзгеше) айрықша жұмыс тәжірибесі
- Айналым орнына баратын жол мен тұрмыс шығындарының өтемі
- Компанияның топ-менеджменті ішінен дербес тәлімгер
- Ай сайынғы жалақы
- Бағдарламадан сәтті өткен соң, жұмысқа орналасу
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек
- 2018, 2019, 2020 жылғы бакалавр немесе магистр түлегі болуы керек
- Географиялық мобильді